Басты ұлттық мереке — Қазақстан Республикасының Күні қарсаңында ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мектепке дейінгі тәрбие жүйесін дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін 22-ге жуық қызметкер жоғары марапаттарға ие болды.
Салтанатты шара барысында қызметкерлерге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру саласының үздігі», ҚР Әділет министрлігінің «Заң саласының үздігі», ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды. Бұдан бөлек, бірқатар мамандар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ісінің үздігі» Құрмет дипломдарымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Балабақшаның барлық объектілеріндегі әкімшілік, педагогикалық және техникалық персоналға ерекше көңіл бөлініп, олардың күнделікті еңбегі ҚР ПІБ Медициналық орталығының Алғыс хаттарымен атап өтілді.
Ұжым еңбегінің жоғары деңгейде бағалануы «Қарлығаш» балабақшасының өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың жоғары сапа стандарттарына адалдығын айшықтайды.